Новости

Колледжде "Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика бойынша слесарі" мамандығы бойынша 1-3 курс студенттері арасында "Мен таңдаған мамандық" тақырыбында сайыс ұйымдастырылды.

Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мейрамы қарсаңында колледжде "Қош келдің, Әз-Наурыз" шарасы ұйымдастырылды.

"ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ-НАУРЫЗ" мерекесі қарсаңында колледжде "Жігіт сұлтаны" байқауы ұйымдастырылып, жігіттеріміз бақ сынасты. Байқауда бас жүлдені 32 топ студенті Қалдыбаев Айбар қанжығасына байлады.

14 наурыз-Көрісу күніне орай 3-курс студенттерінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті. Шара барысында қазақтың ұлттық бұйымдарынан көрме ұйымдастырып, наурыз көже асылып, ұжым наурыз көжеден дәм татты. 

Колледжде "Арулар - асыл жандар" тақырыбында қыз бала тәрбиесі мен өнегесі жолынан сыр шертетін сыр - сұхбат танымдық әбеби кеші өтті. Кешук Мұғалжар аудандық ауруханасының дәрігерлері, теолог мамандар мен ата - аналарымыз, білім алушы студент қыздарымыз қатысты. 05.03.2019 жыл.

8 Наурыз мерекесіне орай колледждердің ер азаматтары және студенттер кеңесінің ұйымдастыруымен "Аналар-асыл жандар" атты мерекелік кеш ұйымдастырырылды. Мереке қарсаңында жеткен жетістіктері үшін әріптестерімізді құттықтаймыз!

8 Наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне орай  Қандыағаш қалалық балалар- жасөспірірімдер мектебінің ұйымдастыруымен өткен "Көңілді мәре" спорттық ойынында II орынды иеленген колледж командасын құттықтаймыз!