Колледжде  2018 жылы қараша айының 2-ші жұлдызында техникалық және көркем шығармашылық бағыттарында ұйымдастырылған «Шығармашылық жоба» байқауы өткізілді.

 

Байқаудың талаптары: қажет емес заттардан (пенопласт, керексіз темір-терсек, ағаш, пластикалық бөтелке, киіз, полимерлік, көркемдік бұйым материалдарынан техникалық,  әшекейлік, тұрмыстық бұйымдар т.б.) халық тұрмысына пайдалы заттар жасау.

 

Байқауға техникалық бағытта «Электромонтер», «Тепловоз машинисінің көмекшісі» және «Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика бойынша слесарі» мамандықтары қатысса, шығармашылық бағытта қолөнер шеберлері қатысты.

 

Байқау қорытындысы 05.11.2018 күні таңғы жиында жарияланады деп шешілді.