Қандыағаш өнеркәсіптік - экономикалық колледжі тамырға терең тарихы мол білім ордасы. Өскелең ұрпаққа, маманға білім беруде білікті мамандар дайындауда экономиканың іргетасын қалауға үлес қосқан. Биік белестерден көрінген оқу орны. Бұл оқу орны ұстаздың ерен еңбегімен, парасатты терең ізденістермен көрінген білікті мамандар қызмет етеді. КСРО үкіметінің мемлекет еңбек резервтері туралы жарлығының негізінде 1946 жылы Орынбор Транстрой базасында Ақтөбе облысы Қандыағаш станциясында Қандыағаш ФЗО -12 құрылыс училищесі, яғни СУ -12 болып ашылды.

Училищенің негізгі міндеті аудандағы өндіріс орындары саласына мамандар дайындау сонымен бірге 6-айлық оқу мерзіммен КСРО өлкелері мен облыстарына тас қалаушы, ұста, кең көлемді құрылыс шеберлері, автокран машинисі, құрылысшы, тракторист машинисті, дәнекерлеуші, слесарь сантехник, автослесарь мамандықтарын дайындау болды.

Толығырақ...