http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500012417
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру
| 
 Қызметтің атауы  | 
 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру  | 
| 
 Қызметті көрсететін мемлекеттік орган  | 
 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.  | 
| 
 Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме  | 
 Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім оқу орындары жүзеге асырады.  | 
| 
 Қызметті алушылар  | 
 жеке тұлғалар  | 
| 
 Қызметтің құны  | 
 тегін  | 
| 
 Қызмет көрсету мерзімі  | 
 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті берушіге техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім білім беру ұйымдарындағы білім алушылар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 жұмыс күні; 2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут; 3) көрсетілген қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.  | 
| 
 Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны  | 
 қағаз жүзінде.  | 
| 
 Жұмыс кестесі  | 
 Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Алдын-ала жазылу және жеделдетіп қызмет көрсету көзделмеген.  | 
| 
 Қажетті құжаттар 
  | 
 Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге қажетті құжаттар тізбесі: 1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі анықтаманы беру туралы ұйым басшысының атына өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат (қызмет алушы тұлғаны салыстыру үшін қажет). Құжаттардың қабылданғанын растау құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, сондай-ақ осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес мөртаңба, кіріс нөмірі және күні көрсетіле отырып, қолхат беру болып табылады.  | 
| 
 Мемлекеттік қызметтің нәтижесі  | 
 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру.  | 

							




	



