Қазақстан Республикасы ғылым және білім Министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдесіндегі № 355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңес  жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің типтік ережелері» негізінде Қандыағаш өнеркәсіптік - экономикалық колледжінде Қамқоршылық кеңес  жұмысын ұйымдастыру және сайлау тәртібі туралы ереже құрылды.

 

Қамқоршылық кеңес -техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында алқалы орган болып табылады және оның қызметін және дамуын  қамтамасыз етуге ықпал жасау мақсатында құрылады. Қамқоршылық кеңес мүшелері өз өкілеттігін өтеусіз негізде орындайды.

 

МАҚСАТЫ

Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, басқа да жеке немесе заңды тұлғаларға қатыстыжергілікті атқарушы органдармен бірлесетіп әрекет етеді.

 

 

Кеңес төрағасы:

Байсұлтанов Құралбай - Мұғалжар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

 

Хатшы:

Жүндібаева Майра Орынбасарқызы - белсенді ата-ана, кәсіпкер

 

Мүшелері:

Кужанкулова Гульшара Қанатжанқызы - "Жансая" бөбекжай-балабақшасының   меңгерушісі

Абдирзаков Шамшат Амиржанович - Мұғалжар аудандық тарихи-өлкетану мұражайының директоры

Әбдрейімов Сансызбай Дүйсенбайұлы - ТОО «АқтөбеМұнайМашКомплект» инженердің орынбасары

Срашев Ажибай Козыбагарович - АҚ «Қандыағаш локоматив сервис орталығы» филиалы 2 ТҚК цехы мастері

Нұрмағамбет Ерқасым Орынұлы - "Мұғалжар ауданы электр жүйесі" директордың орынбасары

Хамитов Мақсат Хамитұлы - колледждің ардагер ұстазы

Сүлейменова Сәуле - белсенді ата-ана, жұмыссыз

 

 

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ӨКІЛЕТТІЛІКТЕРІ

  • Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілері құқықтарының сақталуын қоғамдық бақылауды жүзеге асырады, сонымен қатар білім беру мекемесінің есепшотына түскен қайырымдылық көмек шығындарының жұмсалуын қадағалайды;
  • Білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды қарастырады;
  • Білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша нұсқауларды қалыптастырады;
  • Қазақстандық азаматтар жанұяларындағы ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларды орналастыру мәселелерін жүзеге асыру шаралары бойынша ұсыныстар жасау;
  • Білім беру мекемесінің есепшотына түскен қайырымдылық көмек түріндегі қаражаттарды бөлу және оларды өз орнына жұмсалуы жөнінде шешім қабылдау;
  • Білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру бойынша ұсыныстарды қарастыру;
  • Сәйкес өкілетті органдарға немесе жергілікті атқарушы органдарға білім беру ұйымы жұмыстары барысындағы Қамқоршылық кеңеспен анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі   ұсыныстар жасау;
  • Білім беру ұйымы қызметі мәселелеріне байланысты конференцияларға, мәжілістерге, семинарларға қатысу;
  • Білім беру ұйымдарының қызметтерімен, білім алушылар мен тәрбиеленушілерге ұсынылып отырған жағдайлармен танысу және де білім беру ұйымының психологымен бірлесіп олармен сұхбат жүргізу.