- Психолог - 1 адам.
Колледжде әлеуметтік-психологиялық қызметінің жеке кабинеті мен жеке сұхбат кабинеті бар.
Мақсаты:
- Жеке тұлғаның даму деңгейін, танымдық және шығармашылық қабілеттерін анықтау негізінде психологиялық жұмыстар жүргізу.
- Білім берудегі әлеуметтік психолого-педагогикалық қызметтің міндеттерін ұйымдастыру.
- Педагогикалық ұжымның ынтымақтастығын қалыптастыра отырып, жалпы ахуалын қадағалау.
- Оқытушылар мен білім алушылардың қарым-қатынасын нығайта отырып, өзара жағымды сезім қалыптастыру.
- Инновациялық білім беру технологияларын қолдана отырып, студенттердің психологиялық саулығына жағымды ықпал ету, жас ерекшеліктерінде кездесетін психологиялық сәтсіздіктерді болдырмаудың жолын іздестіру.
Міндеті:
- Студенттердің хал-ахуалын анықтап, психодиагностикалық, психологиялық түзету-дамыту және де психологиялық кеңес беру жұмыстарын жүргізу арқылы, өмірдегі кездесетін келеңсіз оқиғалардың алдын-алу.
- Отбасы институтын көтеру мақсатында ата-аналармен олардың балалары арасындағы қарым-қатынасын жақсарта отырып, әрдайым басты назарда ұстап, психологиялық көмек көрсету.
- Ұжымның хал-ахуалын жақсарту, ауызбіршілікті нығайту және жекелік кеңестер беру.
Негізгі жұмыс бағыттары:
- Психодиагностикалық бағыт;
- Психопрофилактикалық бағыт
- Психокоррекциялық бағыт;
- Кеңес беру;
- Психологиялық білімді көтеру.
Колледждегі әлеуметтік-психологиялық қызметті жүргізудің негізгі бағыттары
І. Психопрофилактикалық жұмыстар жүргізудің мақсаты колледж оқытушыларына жүйелі түрде психологиялық кеңестер бере отыра, олардың психологиялық сауатын көтеру. студенттерде кездесетін психикалық ауытқушылықтың алдын алу шараларын жүргізу, студенттің психологиясындағы өзгерістер туралы ата-анаға дер кезінде психологиялық кеңестер беріп, олардың алдын-ала сақтандырып отыру.
Психолог психопрофилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін:
- Топ жетекшілермен бірлесе отыра, студенттер туралы мәліметтер жинақтайды:
- дарынды студенттер;
- озат студенттер;
- үлгермеуші студенттер;
- «қиын» студент мәселесі;
- отбасы жағдайы.
- Сабақтарға қатысады:
- оқушылардың психикалық процестеріне, мінез-құлық, темперамент ерекшеліктеріне зерттеу жүргізу мақсатында;
- оқытушыларға педагогикалық-психологиялық ұсыныстар беру мақсатында;
- Оқудан тыс шаралар ұйымдастырады:
- оқытушылар үшін психотерапиялық ойындар мен тренингтер өткізу;
- педагогикалық-психологиялық семинар-тренингтер өткізу;
- 4-курс студенттерінің кәсіби бейімділігін зерттеу;
- оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
- Оқытушылар үшін психологиялық мазмұнда тұрақты семинарлар өткізу.
ІІ. Психодиагностикалық жұмыстар-ол әрбір жас кезеңдеріндегі оқушылардың өзіндік психикалық процестерінің даму ерекшеліктерін түрлі зерттеу әдістері мен зерттеу әдістемелерін қолдана отыра анықтайды.
Психодиагностикалық жұмыстарды колледж психолгы мынадай мақсатта жүргізе алады:
- Студенттердің психикалық дамуы оның жас ерекшеліктеріне сай келе ме?
- Әрбір студенттермен жеке жұмыс жүргізу мақсатында олардың қабілетін ерте анықтау үшін психологиялық зерттеулер жүргізеді;
- Студенттің жас дамуынан төмен психикалық ауытқушылықтарының себептерін, мінез-құлықтың бұзылу себебін анықтауға арналған диагностикалық зерттеулер жүргізеді;
- Студенттердің ересектермен (мұғалім, ата-ана), өз құрбыларымен қарым-қатынасының мазмұнын, қарым-қатынастың бұзылуының кейбір психологиялық себептерін анықтауға байланысты жұмыстар жүргізеді.
Адамды тәрбипелеудегі ең басты өзекті мәселе-оның ішкі жан-дүниесін терең зерттеу. Студенттерді зерттеу-ол бір күндік жұмыс емес, ол ұзақ және күрделі процесс. Колледждегі студенттерге психологиялық зерттеу жүргізу- колледж психологігің әрбір пән оқытушының, топ жетекшілерінің міндеті.
ІІІ. Психологиялық кеңес жұмыстары. Психологиялық қызметте кеңес беру бағыты бойынша қызметкерлер нақты міндеттерді шешеді:
- Колледжднің әкімшілігіне, оқытушыларға, ата-аналарға, мастерлерге студенттерді оқыту, тәрбиелеу және бірлесіп жұмыс істеу мәселесі бойынша кеңестер береді.
- Студенттерге оқу, жетілу, өмірлік және кәсіби өз-өзін анықтау, ересектермен және құрбыларымен өзара қарым-қатынас, өз-өзін тәрбиелеу және т.б. мәселелері бойынша жеке және топтық кеңес беріледі.
- Жеке және топтық кеңес беру арқылы педагогикалық кеңестерге, әдістемелік бірлестіктерге, жалпы колледждің және топтың ата-аналар жиналысына қатысып, дәріс оқу арқылы педагогтардың, ата-аналардың, мастерлердің, қоғамдық өкілдердің психологиялық мәдениетінің жоғарылауына септігін тигізеді.
- Өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру сұрақтары бойынша нақты студенттер мекемесіндегі тәрбиелеу жағдайларын оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріп, психологиялық ерекшеліктерінің негізінде оқу-тәрбие шараларын жоспарлауға кеңесші ретінде қатысады.