«Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау
Қызметтің атауы |
«Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау |
Қызметті көрсететін мемлекеттік орган |
Мемлекеттік қызметті Министрлік және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.. |
Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. |
Қызметті алушылар |
жеке тұлғалар |
Қызметтің құны |
тегін |
Қызмет көрсету мерзімі |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үш кезеңнен тұрады. I кезең – білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері аудандық және қалалық білім бөлімдеріне құжаттар топтамасын тапсырған кезде – жыл сайын 1 сәуірге дейін; II кезең – аудандық және қалалық білім бөлімдерінің өкілдері алдыңғы кезеңде таңдап алынған құжаттар топтамасын облыстық білім басқармаларына тапсырған кезде – 1 мамырға дейін; III кезең – облыстық білім басқармалары, Республикалық мектептер өкілдері Министрлікке құжаттарды тапсырған кезде – 30 тамызға дейін. құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут; қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут. |
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны |
қағаз жүзінде. |
Жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00, 18.30-ға дейін. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады. |
Қажетті құжаттар
|
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім; 2) облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының басшылары растаған Конкурс қатысушысына берілген ұсыным; 3) жұмыс орны растаған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы; 4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 5) педагог портфолиосы; 6) конкурсқа қатысушының өзінің педагогикалық қызметі туралы талдау есебі; 7) электрондық тасымалдағыштағы (компакт-дискідегі) сабақтар; 8) эссе; 9) Конкурсқа қатысушының карточкалық базадағы 20 таңбалы қолданыстағы ағымдағы шоты туралы хабарлама. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде – құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы өтініштің көшірмесіне белгі соғу оның қағаз тасымалдағышта қабылданғанын растау болып табылады. |
Мемлекеттік қызметтің нәтижесі |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - «Үздік педагог» атағын беру, куәлік, төсбелгі тапсыру және 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы төлеу. |