Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын қолдау мақсатында оқытушыларға арналған отырыс өтті.
Жолдауда алға жаңа мақсат-міндеттер қойылды. Колледж әдіскері А.Ахметова жолдаудың әр бағытына тоқтала отырып, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, әлеуметтік мәселелерге көңіл аудару, тағы бір маңызды мәселе - білім беру саласындағы оң өзгерістерге тоқталды.
Сонымен қатар ел Президенті алдағы қаңтар айында педагогика саласы қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға көбейетіні мен ұстаздарға жасалатын жағдайлардың жалғасатынымен қуантты.
Ұстаздар қауымы мемлекет тарапынан жасалып отырған әрбір қолдаудың әр адамды жігерлендіретінін және көңілге сенім беретіні туралы пікірлерін білдірді.
#Тәуелсіздікке30жыл
#Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжі
#ПрезидентЖолдауы
#Жолдау
{gallery}/-----------------/9{/gallery}