Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжінде Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен студенттермен кездесу өтті. Жиынға ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерік Бұқарбаев, аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Ғалым Дәрімбетов, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы Мұғалжар аудандық филиалының басшысы Бернияз Длимов, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Дархан Убайджанов және Мұғалжар ауданы ПБ ЖПҚб ЮПТ аға инспекторы, полиция лейтенанты Ұлболған Жақсылықова қатысты. Кездесудің басты мақсаты - еңбек нарығының қажеттілігін талдау, жұмысқа орналасу мәселелері бойынша колледж түлектеріне ақпараттық кеңес беру, кәсіпкерлер палатасымен, Жұмыспен қамту орталығымен қарым-қатынасты ұйымдастыру болып. Сонымен қатар жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы, яғни жастар практикасы, қайтарымсыз мемлекеттік гранттар, жасыл ел бағдарламасы, кәсіби бағдар беру, «Бизнестің жол картасы 2020-2025» бағдарламалары, кәсіпкерлік негіздері туралы түсінік және кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықты болдырмау, суицид мәселесі туралы ақпарат берілді.