Байжанова Мугульсум Мадиевна Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжі өндірістік оқыту шебері
Байжанова Мугульсум Мадиевна 1964 жылы 14 ақпанда Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Жаңаталап селосында дүниеге келген.
1982-1985 жылдары Қарағанды индустриалдық-педагогикалық техникумын "өндірістік оқыту шебері" және "құрылыс-техник" мамандығы бойынша оқып, бітірген.
2002-2005 жж Батыс Қазақстан Аграрлы - техникалық университетін "Газ - мұнай құбырлары мен газ-мұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалану" мамандығы бойынша бітірді.
Мугульсум Мадиевна еңбек жолын 1985 жылдан бері Қандыағаш қаласындағы №4 училищесінде өндірістік оқыту шебері қызметінде бастап, күні бүгінге дейін Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжінде қызмет етіп келеді. 2005-2008 жылдары аға шебер қызметін атқарды.
2018 жылы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласы негізінде жүзеге асырылған "100 жаңа есім" жобасы аясында жинақталған "OZATTAR - Қазақстан білім саласы үздіктерінің энциклопедиясы" жобасына қатысып, Республика білім саласы үздік қызметкерлерінің қатарынан көрінгені үшін Құрмет грамотасымен және "Қазақстан ұстазы" төсбелгісімен марапатталды.
Білім беру саласындағы шығармашылық еңбегі үшін облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен 2013,2015,2016, 2017, 2019 жылдары марапатталған. 2018 жылы білім беру жүйесіндегі жемісті еңбегі, педагогикалық шеберлігі, жаңартылған білім беру технологияларын дамытудағы шығармашылық жетістіктері үшін Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталды. Кәсіптік білім саласындағы педагогикалық еңбек өтілі - 35 жыл.
Мугулсум Мадиевна - жоғары санатты ұстаз, өз ісінің маманы. Осы еңбек жолында өзін ұйымдастырушылығы, еңбексүйгіштігі, ізденгіштігі және жауапкершілігі жоғары маман ретінде көрсете білді.