Балымова Мейрамгуль Бакитовна  1966 жылы 08 наурызда Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында дүниеге келген.

1983-1988 жж Ақтөбе педагогикалық институтын физика-математика   мамандығы бойынша оқып, бітірген.

1988 жылдан бастап Қандыағаш қалалық №8 кәсіптік лицейінде физика пәнінің оқытушысы болып жұмысқа орналасты.

2005-2009 жж аралығында директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2009 жылдан бастап күні бүгінге дейін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.

2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласы негізінде жүзеге асырылған "100 жаңа есім" жобасы аясында жинақталған "OZATTAR - Қазақстан білім саласы үздіктерінің энциклопедиясы" жобасына қатысып, Республика білім саласы үздік қызметкерлерінің қатарынан көрінгені үшін Құрмет грамотасымен және "Қазақстан ұстазы" төсбелгісімен марапатталды.

Білім беру саласындағы шығармашылық еңбегі үшін облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен 2012,2014,2016, 2019 жылдары марапатталған. 2018 жылы білім беру жүйесіндегі жемісті еңбегі, педагогикалық шеберлігі, жаңартылған білім беру технологияларын дамытудағы шығармашылық жетістіктері үшін Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталды. Кәсіптік білім саласындағы педагогикалық еңбек өтілі - 32 жыл.

Ұстаз ретінде өз білімін ұдайы жетілдіріп отырады, Өткізген сабақтарының жинағы шығарылып, кәсіптік оқу орындарына әдістемелік нұсқау ретінде таратылды.

Балымова Мейрамгуль Бакитовна - жоғары санатты,  еңбекқор, ізденімпаз, жаңашыл ұстаз.