Ағымдағы жылдың 01-қараша күні Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжінде «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» курсы аясында 3-курс студенттері Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер

палатасының директоры Длимов Бернияз Жадыгерович және ауданның кәсіпкері Ықылас Молдир Татжанқызымен кездесу өтті. Кездесу барысында Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасының ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге барынша мемлекеттік қолдау көрсетіліп жатқандығы сөз етіліп, кәсіпкерлік бастамаға кеңес беру жолдары, 200АЕК көлеміндегі қайтарымсыз төлемдер және төмен пайыздағы несиелер туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кәсіпкрлер палатасы тарапынан өз ісін бастауға ниетті студенттерге көмек көрсетуге әрдайым дайын екендіктерін айтып, студенттерді оқуға әлемдік аренадағы белді кәсіпкерлердің бірегейі болуға шақырды. Қаламыздағы алғаш шаштараз ашқан кәсіпкер Молдир Татжанқызы өзінің кәсіпкерлік жолы туралы студенттерге баяндап берді. Кездесу соңында студенттер көкейлерінде жүрген сауалдарына қонақтардан тұшымды жауаптарын ала алды.