28.11.2019 күні колледжде жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында директордың уақытша міндетін атқарушы М.Балымова өткен оқу жылына сараптама жасап, биылғы 2019-2020 оқу жылының мақсат-міндеттері туралы айтып өтті.

Сонымен қатар бүгінгі күннің келелі мәселесі – құқықбұзушылықтың алдын алу туралы ерекше тоқталып өтті. Сөз алған директордың тәрбие ісінің орынбасары С.Елькеева мен колледж инспекторы Р.Сәндібеков те бұл мәселе туралы кеңінен түсіндіріп кетті.Ата-аналарға колледждің тыныс-тіршілігі туралы және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық туралы видеороликтер көрсетілді.