2019 жылдың 10 желтоқсан күні «Ақтөбе облысының медиаторлар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Мұғалжар ауданы бойынша кәсіби медиаторлары журналист А.А.Абданбаева және юрист Г.М.Иманбаева колледж студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты – медиация және дауларды шешу туралы хабардарлықты арттыру, жасөспірімдер арасында құндылыққа негізделген қарым-қатынасты қалыптастыру және қақтығыстардың алдын алу шараларын сақтау. Студенттерге ақпараттық – танымдық материалдар таратылды.