Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжінде Мұғалжар ауданы әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Б.Құлмағамбетов төрағалық еткен жиынға аудан прокурорының көмекші прокуроры А.Ибрашев, аудандық сотының бас маманы А.Шекенова, Мұғалжар ауданы полиция бөлімінің ювеналдық полиция тобының аға инспекторы, полиция капитаны С.Абдиров, колледж директоры Б.Байбулов және колледж студенттері, ата-аналар, топ кураторлары қатысты. «Жасөспірім-заң-қауіпсіздік» тақырыбында өткізілген жиында колледж директоры Б.Байбулов және ювеналдық полиция тобының аға инспекторы, полиция капитаны С.Абдиров баяндама жасап, бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, яғни бұл мәселелер қазіргі таңда қоғамды алаңдатып отырғандығын баса айтты. Отырыс барысында сөз алған аудан прокурорының көмекші прокуроры А.Ибрашев , аудандық сотының бас маманы А.Шекенова осы тақырып төңірегінде өз ойларын білдіріп, қылмыстың алдын алу үшін жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру қажет екендігіне тоқталып өтті. Құқық бұзушылықтың алдын алуға аудандық прокуратураның және аудандық полиция бөлімінің, аудандық білім бөлімінің, колледж қызметкерлерінің бірлесіп жүргізіп жатқан рейдтік іс-шаралары, жүйелі түрде ұйымдастырылып отырған кездесулердің үлесі бар екендігі айтылды.
https://kand-kpek.edu.kz/kz/zhanaly-tar/311-k-meletke-tolma-andardy-isteri-zh-ne-olardy-y-taryn-or-au-zh-nindegi-komissiyany-k-shpeli-otyrysy-tti.html#sigFreeIded09fb3345