13.02.2020 ж күні Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжінде КСРО әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай «Ерлік-ұрпақ ұраны» атты танымдық кеш ұйымдастырылды. Шараға ауған соғысының ардагерлері Ж.Сағынтаев, С.Өтенов, Р.Тасқынбаев және Мұғалжар аудандық жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу комиссиясының хатшысы Ұ.Мағауин, ата-аналар қатысты. Шара барысында ер балалар арасында әскери-спорттық сайыстар өткізіліп, жоғары көрсеткіш көрсеткен студенттер марапатталды.