13.02.2020 ж. күні Қандыағаш өнеркәсіптік экономикалық колледжінде КСРО әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай «Ерлік-ұрпақ ұраны» атты танымдық кеш ұйымдастырылды.

Шараға ауған соғысының ардагерлері  Ж.Сағынтаев,С,Өтенов,Р.Тасқынбаев эжәне Мұғалжар аудандық жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу комиссиясының хатшысы Ү.Мағауин,ата-аналар қатысты. Шара барысында ер балалар арасында әскери-спорттық сайыстар өткізіліп,жоғары көрсеткіш көрсеткен студенттер марапатталды.