Қандыағаш өнеркәсіптік –экономикалық колледжінде ұжым мүшелерінің және колледж студенттерінің қатысуымен «Құқықтық сауаттандыру» тақырыбында кездесу өткізілді.

Кездесуге Мұғалжар ауданаралық Әділет басқармасының басшысы С.Қазбағамбетов, заңгер кәсіби медиатор  Қ.Қалиева,аудандық аналар кеңесінің төрайымы  Ж.Асабаева ,заңгер  кәсіби емес медиатор Е.Шункеев және «Мұғалжар» газетінің тілшісі А.Ауданбаева қатысып, тақырып төңірегінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Студенттер мен колледж қызметкерлері көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды.