27.02.2020 ж күні колледж әдіскері А.Ахметованың және тәрбие ісінің орынбасары  С.Елькееваның  ұйымдастыруымен «Кім мықты?» интелектуалдық ойыны өткізілді.

 

Ата-аналардың және студенттердің қатысуымен өткізілген бұл шараның мақсаты –ата-анамен байланысты нығайту,аға  буын мен жастар  арасындағы айырмашылықты ,яғни олардың зияткерлігін ,көзқарастарын түсініктерін көрсету.Бұл шара арқылы көрермен өмірге басқа қырынан қарауға мүмкіндік алады,сондай-ақ кейінгі ұрпақ өкіледері классикаға,тарихқа,мәдениет пен дәстүрге тереңірек үңіледі. Ал аға буын керісінше ,заманауи  мәдениетпен,жаңа технологиялар мен сәннен хабардар болып,қазіргі заман ағымынан еш қалыспайтындарын дәлелдейді.Сайысқа аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ж.Асабаева  қонақ ретінде шақырылды.Ата-аналар мен студенттер арасындағы сайыс 5 айналымнан тұрды.Шара соңында колледж директоры Б.Байбулов сайысқа қатысқан  және көрермен ретінде келген ата-аналарға алғысын білдіріп,қатысушыларды  марапаттады.