Тарих пәні оқытушылары С.Қамал мен Б.Сембаевтың ұйымдастыруымен «Құқықтық сауаттылық — уақыт талабы» тақырыбында үш күндік аясында І,ІІ және ІІІ курс студенттерімен конференция сағаты өткізілді.

Мақсаты: студенттерге заң білімі саласынан мағлұмат беру, өз құқықтарын жете білуге  және өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтықы сауаттылықтарын арттыру. Сонымен қатар еліміздің Ата заңын және де басқа да заңдарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.

Конференция барысында «Халқымыздың ұлттық-құқықтық жүйесі» тақырыбында баяндама оқылып, «Ойлан тап» бөлімі бойынша  сұрақтар қойылды және «Ситуациялық жағдай» бөлімі бойынша студенттер өз ойларын ортаға салды.