«Ақиқат» дебаттық клубының жетекшісі Құсайын Алдияр Асылбекұлының ұйымдастыруымен  «Бала тәрбиесінде қатты талаптар қою мен баланың болашағы үшін шешім қабылдау» тақырыбында пікірсайыс өткізілді. 
Мақсаты: Сөз шеберлігін, өз пікірін анық айтып, дәлелдеме келтіру қабілеттерін дамыту. Пікірсайыс барысында  Дебат, оны құрылымы, форматы туралы түсінік берілді.
Пікірсайыс сарапшысы ретінде Мұғалжар аудандық «Жастар» ресурстық орталығы басшысының орынбасары Сираж Дәуренбек Саламатұлы арнайы шақырылды. Пікірсайыс Американдық Парламенттік Формат (АПФ) форматының Құндылықты кейс түрінде өткізілді. «Оппозиция» және «Үкімет» тараптарының лидерлері мен спикерлері  нақыт дәлелдермен, философиялық тұрғыда және статистикалық мәліметтер келтіре отырып өз тараптарын дәлелдеп шықты. Сарапшы қорытындысы бойынша «Оппозиция» тарабы жеңіске жетті. «Үкімет» тарабының спикері ІІ курс студенті Ахметов Нұрдәулет «Үздік спикер» атанды.