«TILKOMITETI» – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің фейсбук, инстаграмдағы ресми парақшасы.
«Тіл әлемі» порталы тілдің әлеуметтік, қоғамдық құбылыс ретіндегі қызметін мейлінше толық қамтиды. Порталдың мазмұны қоғамдағы тілдік сұраныстарға орай: тұғыр, ақпарат, әдіс, тіл райы, тарту, толғаныс, орта тақырыбындағы 7 блокқа топтастырылған.
«Til-qural» порталы – қазақ тілін оқытуға арналған тегін веб-сервис. Қызмет tilqural.kz адресі бойынша, сондай-ақ iOS және Android платформаларына арналған мобильді қосымшаларда қолжетімді.
«TILMEDIA.KZ» 2017 жылы құрылған «Tilmedia.kz» сайтындағы қызықты және тиімді тәсілдер арқылы қазақ тілін үйренуге болады.
Сайт жұмысы мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін насихаттауға, олардың қолданылу аясы мен әдістемесін кеңейтуге бағытталған. Тілдерді оқыту әдістемесі аудио және бейне мазмұнға негізделген. Сайтта латын және араб графикасы қарастырылған.
«Вalatili.kz» сайты қазақ тілін оқып, дамытқысы келетін үш жастан асқан балаларға, сонымен қатар бала тәрбиесі мен оқытуды жүзеге асырушы тәрбиешілер мен мұғалімдерге, ата-аналарға арналады. Сайт интуитивті іздеу жүйесі мен ыңғайлы навигация жүйесі бар онлайн платформа негізінде жұмыс істейді.
«SOZDIKQOR.KZ»Сөздікқор порталына жүктеу үшін 60-қа жуық әртүрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялар таңдап алынды. Атап айтқанда, Қазақ әдеби тілінің 15-томдығы, Абай тілі сөздігі, Ахмет Байтұрсынұлы энциклопедиясы, қазақ тілі синонимдерінің сөздігі, қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі және т.б. Қазіргі таңда портал қорына 300 мыңнан аса сөз енгізілген.
«QUJAT.KZ» www.qujat.kz сайтында ісқағаздар күнделікті қолдануға қарай 2-ге бөлінген: кеңсе құжаттары және кадр құжаттары.
Qazlatyn.kz – латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін насихаттауға бағытталған ұлттық портал.
«QAZLATYN.KZ» (конвертер)
Бағдарлама жалпы көпшілікке латын әліпбиіне көшудің алғашқы кезеңдерінде дайын материалдарды латын әріптеріне жылдам, қатесіз көшіруді жүзеге асыратын көмекші құрал ретінде ұсынылады.
Tilqazyna.kz - Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒПО-ның тіл саясаты мәселелері бойынша танымдық сайты