Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастырумен Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжінде «Отбасы құндылықтарын насихаттауға, әйелдер бастамаларын қолдауға, гендерлік теңдікті дамыту» жобасы аясында студенттермен семинар-тренинг өткізілді.
Семинар-тренингке Ақтөбе облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Д.Тынымқұлова, «Ақтөбе облысы әйелдерінің аграрлық одағы» қоғамдық бірлестігінің басшысы, облыстық комиссия мүшесі Е.Шукурова, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының психолог-әдіскері А.Тоқсанбаева қатысты.
Семинардың мақсаты- отбасы құндылықтарын насихаттау, ажырасудың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу және жанжал жағдайында жүрген отбасыларға психологиялық көмек көрсету, өмірлік қиын жағдайдан шығу жөнінде кеңестер беру.
Семинар-тренингтен кейін қонақтар колледж жатақханасының тынысымен танысты.
https://kand-kpek.edu.kz/kz/zhanaly-tar/414-otbasy-ndyly-taryn-nasikhattau-a-jelder-bastamalaryn-oldau-a-genderlik-te-dikti-damytu.html#sigFreeId8c661489d8