"Халықаралық Сайлау күніне" орай аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжінде кездесу өткізілді. Шараға Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.А.Бұхарбаев, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ғ.С.Асқаров және төраға орынбасары А.С.Шотов қатысты.Кездесу барысында студенттерге сайлаудың өткізілу тәртібі және ауыл, қала әкімдерінің сайлауы барысындағы өзгерістер туралы толық мағлұмат берді. Шара соңында колледж директоры Б.Байбулов өскелең ұрпаққа уақыттарын бөліп, сауалдарын тыңдап, бағыт-бағдар берген ортаға алғысын білдірді.