Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауы мен Маңғыстау облыстық Азаматтық Альястың ұйымдастыруымен “Жастар және заң” тақырыбында “Мұғалжарлық жастарды құқықтық сауаттандыру" жобасы аясында оқыту семинар-тренингі өтті. Семинар мақсаты- жастар арасында құқықтық сауаттылықты дамыту, құқық бұзушылықтың алдын алу, сау құқықтық мәдени сана қалыптастыру. Семинар тренинг бәсекелестік тудыру, жастарға қызық болу мақсатында сайыс форматында 3 команда арасында өтті. Ең маңыздысы, жастарды қолдау және жеке іскерлік тәжірбиелерімен бөлісу үшін әр команда да бір құқық қорғау өкілдері яғни,Аға сот приставы- С. Муханов, Мұғалжар аудандық прокуратурасының прокуроры- М.Тугультаева, Жергілікті полиция бастығы- С.Абдиров қатысты.
Семинар барысында:
✅ Психологиялық жастарды ашу мақсатында психологтың ұйымдастыруымен тренингтер;
✅ Заңнамаға қатысты жиі кездесетін ситуациялық сұрақтар; ( Тығырықтан шығар жол)
✅ Қандыағаш қаласындағы құқық бұзушылық орын алатын жерлерді көрсету және ол жастарға қандай алдын алу шаралары қажет; (Құқық бұзушылық картасы)
✅ Құқық қорғау өкілдерінің баяндамалары;
✅ Қылмысқа бейім адамдың қасиеттері және оның болашағы (Бұлыңғыр болашақ) секілді айдарлар болды.
Құқық қорғау өкілдері жастарды заңнамалармен таныстырып, жастардың сұрақтарына жауап берді. Шара соңында қатысушыларға сертификат табысталып, шараға қатысты пікірлер мен ұсыныстары тыңдалды.