Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында,кадрларды даярлау сапасын арттыру, жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында колледжде “Жұмыс берушілер күні” тақырыбында іс-шара өткізілді. Жұмыс беруші күні алдымен колледж директоры Бек Аманұлының құттықтау сөзімен ашылды. Кеш барысында директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары М.Бақытқызы академиялық дербестік, дуальды оқыту, кәсіпорындармен колледжді қамқорлыққа алу, мақсатты мемлекеттік білім беру тапсырысы, түлектерді жұмысқа орналастыру туралы баяндады.

Өнеркәсіптер мен оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында келісім-шарт жасасып, меморандумға қол қойылды.