Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары М.Балымованың басшылығымен, тарих пәнінің оқытушылары С.Елькеева,Ж.Жаркенованың ұйымдастыруымен “Тәуелсіздік-ұлт рухының бастауы” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге

Мұғалжар аудандық тарихи өлкетану музейінің директоры Ш.Абдирзаков

Мұғалжар аудандық жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі А.Теребаева

Желтоқсан оқиғасына қатысушылар

Жақсығали Дәурен Төлеуғалиұлы

Бурамбаев Касым Мусаевич

Бурамбаева Айжан Айтмухаметовна

Алтынбай Али Тыныштықұлы

Жолдасова Гамзат Айтжанқызы қатысты.

Талай жылдардан бері азаттықты аңсаған қазақ елі, біздің ата-бабаларымыз, сонау ашаршылық кезінде қиын-қыстау заманда бір тілім нан үшін өз туған жерінен баз кешкен қандас қазақ бауырларымыздың жасаған сан қилы еңбектері ,қайрат жігерлерінің арқасында,сол сияқты Желтоқсан оқиғасынан соң Қазақ еліміз 1991 жылы өз тәуелсіздігіне қол жеткізеді.

Қазақстан мемлекеті «Тәуелсіз ел» ретінде өмірге келеді. Содан бері 16 желтоқсан «Тәуелсіздік күні» ретінде тойланып келеді.

Қазақстан бүгінде тәуелсіз ел, ешкімге соқтықпай өз алдына өз рәміздерін сайлап алған, ел басқаратын президентін сайлап зайырлы, ата-заңы, конституциясы бар құқықтық мемлекет. Қазіргі таңда біздің елге әлем жұрты таң қалысуда.