Теория мен практиканың ұштасуы мақсатында директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары М.Балымованың басшылығымен, ”Аспаз” мамандығының өндірістік оқыту шебері А.Шайзаданың ұйымдастыруымен “Ас - адамның арқауы” тақырыбында сайыс өтті.

Бүгінгі күннің болмысы кәсіби білім жүйесі алдында еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлау, өз мамандықтарын жетік меңгерген, өз мамандығы бойынша тиімді жұмыс жасауға қабілетті, тұрақты кәсіби өсуге дайын, әлеуметтік және оңтайлы кадрларды даярлауды талап етеді. Осыған байланысты қойылған басты міндет - мемлекеттік құрылымдардың күшін біріктіру, жұмыс берушілер мен оқу орындарын облыстық кәсіпорындар мен өнеркәсіптерді білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесінде жұмылдыру.

Кәсіби мамандар даярлауда дуальды оқыту жүйесінің тиімділігі мен нәтижелілігі зор, себебі теориялық білімнің өндіріспен ұштастыратындылығы тәжірибеде дәлелденген.
Дуалды оқыту жүйесі қазіргі дүние жүзілік тәжірибеде бар,ол кәсіптік және техникалық білім берудегі сапалы маман даярлаудың жаңартылған тиімді жүйесі.
Дуалды оқыту жүйесінде студент уақытының үштен екі бөлігін еңбек ете жүріп, өндірістен қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды.

Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмыс беруші өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау.

Бүгінгі таңда еңбек нарығында білікті мамандар тапшылығы ерекше орын алуда, себебі жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені талап ететін нақты өндірістік жағдайларда теориялық білім берудің алшақтап кетуі болып табылады. Сондықтанда теория мен практиканың арасындағы алшақтықты жою мақсатында бүкіләлемдік дуалды оқыту жүйесі енгізілген, себебі өндірісті білікті мамандармен қамтамасыз ету – бұл жетістікке қол жеткізудің кепілі.