«Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасының аясында білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру,кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізу,тіл байлығын арттыруға ықпал етіп, кітаптың адам өміріндегі маңызын, білім алушыларды әдеби кітаптар оқуға насихаттау мақсатында директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары М.Балымова, колледж кітапханашысы А.Сапарованың ұйымдастыруымен студенттер арасында «Адам оқуды тастаған кезде ойлаудан қалады» тақырыбында Артур Конан Дойлдың «Шерлок Холмс» кітабының мазмұнына негізделіп әдеби – ақпараттық сабақ өткізілді.
Білім берудегі кітап оқуға үйрету мәселелері әрдайым маңызды болғанымен, оқу сауаттылығын дамыту тапсырмасы ҚР - ның мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыратын заманауи колледж үшін жаңа сала болып табылады.
Оқу сауаттылығы қазіргі қоғамдағы өмірге дайындық үшін ең маңызды көрсеткіштерінің бірі.Оқу мәдениеті - өзін - өзі жетілдіру және өзін - өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру факторы. Оқуды дамытуда әдістемелік әдістерді жүйелі және мақсатты түрде қолданған жағдайда студенттің дербес оқуын қалыптастыруға үлес қосады.
https://kand-kpek.edu.kz/kz/zhanaly-tar/473-o-u-a-shtar-kolledzh.html#sigFreeId06ee363602