Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары М.Балымова “Колледж қызметінің тиімділік көрсеткіші” тақырыбында колледждің мемлекеттік аттестациядан өту барысы туралы педагогтерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Педагог қызметкерлер теориялық және тәжірибелік дәріс беру дағдысын меңгеруге, білім сапасын жетілдіруге, үнемі кәсіби шеберлігін, интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін жетілдіруге міндетті. Осы мақсатта аттестациялау үрдісі жүргізіледі.
Аттестациялаудың негізгі мақсаттары:
Педагогтардың мәртебесін арттыру, әлеуметтік - материалдық деңгейін көтеру, педагогтің құзырлық деңгейін біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау, қызмет саласында әрекет ауқымын кеңейту, кәсіби мәселесін анық білетін және шеше алу дәрежесіне жеткізуге жәрдемдесу.
Білім қызметкерлерін аттестациялау тәжірибесі барлық мемлекеттерде бар.
Аттестаттаудың негізгі мәні – еңбек сапасына орай педагогтің кәсіби ұтқырлықтарының студенттің білім деңгейінің көтерілуінен және білім берудің сапалығынан айқын көрініс табуы.
Бұл әлемдік білім кеңістігіне енген дамыған елдердің тәжірибелерін қабылдауға мүмкіндік туғызып отыр. Онда аттестациялау азаматтардың еңбек ету құқығы мен оны шынайы бағалаудың формасы ретінде жүзеге асырылуда.