Директордың оқу және өндіріс жұмысы бойынша орынбасарлары М.Балымова, А.Калманов оқу бағдарламасына сәйкес «Аспаз» мамандығы бойынша, өндіріс шебері А.Шайзада, аралық аттестация өткізілді.

Елімізде білім беру жүйесінің өзекті мәселелерінің бірі – заман талабына сай білімді, білікті және ақпараттық технологияны еркін түрде меңгерген мамандарды дайындау.

Дуальді оқыту жүйесін оқу процесінде қолдану тәжірибесі бірқатар артықшылықтарын көрсетуде. Ол дәстүрлі оқу түрлерінде кездесетін негізгі кемшілікті, теория мен тәжірибенің ара - сындағы алшақтықты жояды.

Дуальді оқыту жүйесі бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктер мен дағдыларды, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп, жан - жақты кәсіби дамуына мүмкіндік береді. Түрлі жүйелердің, білім, ғылым және өндірістің өзара байланысын нығайтады. Бұл тәжірибені оқу үдерісіне енгізу кәсіптік білім беру жүйесіндегі мамандар даярлау сапасын арттырады.