Модульдік оқыту технологиясына сәйкес оқу бағдарламасы негізінде алынған студенттердің білім нәтижесін, кәсіби біліктері мен дағдыларын, теория мен өндірістік оқыту практикасының арасындағы байланыс дәрежесін анықтау мақсатында колледж әкімшілігінің қатысуымен, директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары М.Балымова,оқу өндірісі жөніндегі орынбасары А.Калманов,әдіскер А.Ахметова, 2 курс студенттеріне аралық аттестация өткізілді.

Қазіргі уақытта ғылымның бір ерекшілігі – студенттің тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.Елімізде білім беру жүйесінің өзекті мәселелерінің бірі – заман талабына сай білімді, білікті және ақпараттық технологияны еркін түрде меңгерген мамандарды дайындау.

Студенттің тұлғалық дамуына бағытталған технологиялардың бірі - Модульдік оқыту технологиясы екені анық. Сабақтың сапалы, тиімді өтуі студенттердің өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне Модульдік оқыту технологиясы өте тиімді. Бұл технологияны қолдану білімді демократияландыруға, ізгілендіруге, оқыту сапасын арттыруға ықпал етеді.