Студенттердің қысқы демалыс кезінде жасөспірімдердің бойындағы өнерлерін дамыту, жан - жақты жетілдіру,шығармашылық қабілеттерін дамыту, қоғамда өмір сүруге бейімдеу, колледжішілік іс - шараларға белсене қатысу, бос уақытын ұтымды ұйымдастыруға баулу мақсатында колледж әкімшілігінің (директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары М.Балымова, әдіскер А.Ахметованың) бастамасы негізінде үйірме жетекшілерінің ұйымдастыруымен шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, мылтық ату, асық ату, гір көтеру сайыстары өткізілді.

Ұйымдастырушылар:

Дене тәрбиесі пән педагогтері Ө.Қойшығұлов, А.Нурмаш,

«Жас сарбаз» патриоттық клубының жетекшісі А.Кусайн,

«Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ» үйірме жетекшілері Қ.Сарсембаев, И.Бақтыбай

Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру қоғам алдындағы ең жауапты, маңызды іс. Мемлекетімізде жас ұрпақтың жан - жақты дамуымен бірге тәрбиесіне де ерекше назар аударылуда. Елдің елдігін сақтап, көркейтетін, басқа елдермен терезесін тең етіп өркендетіп, болашағын айқындап беретін жастайынан алынған тәрбие. Тәрбие тек сабақ берумен ғана шектелмейді, ол сабақтан тыс уақытта да жалғаса береді және тереңдетіле жүргізіледі. Дұрыс тәрбие – балаға өмір бойы азық.

Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да жүзеге асырылады. Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан - жақты болуына арналады. Әр адам бос уақытын өзінше бір нәрсеге арнайды. Бірақ, бос уақытты ұтымды етіп өткізу әлдеқайда тиімді. Бос уақытты пайдалана отырып, қоғам, ұжым, отбасы бала демалысының тиімді етіп ұйымдастырылуына күш жұмсауы қажет. Дұрыс тиімді ұйымдастырылған бос уақыт - олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз етеді.

Студенттің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оған дұрыс бағыт беріп отыру - барша қауымның ортақ ісі. Бүгінгі таңда жаңа білімді адамды қалыптастыру барысында білім беру ұйымының қызметі күннен - күнге ұлғая түсуде.