Директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары М.Балымова колледж педагогтерімен «Сапалы білім – саналы тәрбие» тақырыбында сапаға бағытталған білім туралы дөңгелек үстел өткізді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады.
Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан - жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой - талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Бұрын оқытуда білім алушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі білім алушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Бүгінгі білім беруде білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, мұғалім - шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындайды.
Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологияларда баршылық. Соның бірі - критериалды бағалау жолдары.
Критериалды бағалау – білім алушы оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (студент, колледж әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы студенттің оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс.